Әрбір шақырудың артында — адам өмірі

    1 / 4

    Динара Нұрғожина — Арқалық қаласындағы № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчері, азаматтық қорғау старшинасы. Ол кәсіби жолын 2009 жылы бастап, адам өміріне жауапкершілік алғашқы қоңыраудан басталатын мамандықты таңдады.

    «Адамдарды құтқару жұмысы шақыруды қабылдаудан, ақпарат жинаудан және хабарламаны жеткізуден басталады», — дейді Динара. Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді әрекеті оның мұқияттылығына, нақтылығына және жеделдігіне байланысты. Қызмет жылдарында мол тәжірибе жинақтап, облыстық кәсіби байқауда жүлделі орынға ие болды.

    Динара азаматтық қорғау қызметінің жетістігі әрбір қызметкерге байланысты екеніне сенімді. Тәртіп, ұстамдылық, өзара көмек пен әріптестерге деген сенім ең күрделі жағдайларда да тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Динаның басты тірегі — отбасы. Жақындарының қолдауы оған күш-қуат беріп, жан тыныштығын сақтауға көмектеседі. Жас ұрпаққа ол мамандықты жүрек қалауымен таңдауға, үнемі білімін жетілдіруге және мына қағиданы есте ұстауға кеңес береді: «Әр қызметкердің өз міндеті бар және олардың әрқайсысы маңызды».

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары