Бейсимбаев Рүстем Амагельдинович — азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші-құтқарушы. Ол бала кезінен адамдарға көмектесуді армандаған. Уақыт өте келе бұл арманы саналы түрде таңдаған мамандығына айналды.
Рүстем кәсіби жолын 2023 жылы Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінде бастады. 2025 жылы Лисаков қаласындағы № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметін жалғастырды.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет батылдықты, тәртіпті, төзімділікті және күрделі жағдайларда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Рүстемнің айтуынша, әрбір шақырту өзінше ерекше, өйткені оның артында адам тағдыры тұрады. Ол үшін адамдарға көмектесу, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау — ең үлкен қуаныш.
Қызмет барысында ол күрделі жағдайларда шешім қабылдауды, сабыр сақтауды және әріптестеріне сенім артуды үйренді. Оның кәсіби қалыптасуында тәжірибелі қызметкерлер мен тәлімгерлердің орны ерекше. Рүстем нағыз маман үнемі білімін жетілдіріп, кәсіби дағдыларын дамытуы керек деп есептейді.
Оның өміріндегі сенімді тірегі — отбасы. Рүстем ата-анасы мен жұбайы Валерияға сүйіспеншілігі, сенімі және қолдауы үшін алғыс білдіреді. Жақындарының қолдауы оған қиындықтарды еңсеруге және қызметтік міндеттерін сеніммен атқаруға көмектеседі.
Жастарға үндеуінде Рүстем армандаудан қорықпауға, мақсатқа нық қадам басуға және таңдаған ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Азаматтық қорғау органдарында қызмет етуді армандайтын жастарға физикалық төзімділікті, тәртіпті, сабырлылықты және командамен жұмыс істеу қабілетін дамытуға кеңес береді.
«Өрт сөндіруші болу туралы арманым бала кезімде пайда болды. Бүгінде адамдарға көмектесу жай ғана жұмыс емес, үлкен жауапкершілік әрі мақтан тұтуға лайық іс екенін айта аламын», — дейді Рүстем.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









