Адалдық таңдаудан басталады

    1 / 3

    Саян Назиров Қуанышбекұлы азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жолын 2015 жылы Меңдіқара ауданының Боровское ауылындағы № 9 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған. Қызметін қатардағы азаматтық қорғау қызметкері ретінде бастаған ол кәсіби тұрғыда өсе отырып, 2021 жылы Меңдіқара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері болып тағайындалды. Ал 2022 жылдан бастап аға анықтаушы қызметін атқарып келеді. Бүгінде ол — азаматтық қорғау капитаны.

    «Күрделі жағдайлар мені жауапкершілік пен сабырлылыққа үйретті», — дейді Саян. Оның кәсіби қалыптасуына әріптестері мен тәлімгерлері зор үлес қосса, отбасы өмірдегі басты тірегі болып қала береді.

    Жастарға қиындықтардан қорықпай, үнемі білім алып, өз борышына адал болуға кеңес береді. Өйткені азаматтық қорғау қызметі — ең алдымен, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары