ДЧС СҚО қызметкерлерімен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша қосымша сабақтар өткізілді

    1 / 5

    Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдеп мәдениетін арттыру, парасаттылық қағидаттарын нығайту және қызметтік мінез-құлықтың жоғары стандарттарын қалыптастыру мақсатында Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау тақырыбында қосымша сабақтар өткізілді.

    Іс-шараға арнайы шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментінің өкілі қатысып, Әдеп кодексінің негізгі ережелерін, қызметтік әдеп талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезіндегі және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық нормаларын жан-жақты түсіндірді.

    Әсіресе адалдық, әділдік, ашықтық қағидаттарын сақтау, азаматтармен, әріптестермен және ұйым өкілдерімен қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық пен әдептілік таныту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сабақ барысында Департамент қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелік жағдайларды талқылап, күнделікті қызметтік қызметте әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және ұжымда өзара құрмет пен сенім ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары