Жүргізуші куәлігінен айырылса да, рөлге отырған азамат жауапкершілікке тартылды

    Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруда. Жолдарды патрульдеу барысында Доссор – Бейнеу республикалық маңызы бар тасжолының 6-шақырымында Lada Priora маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушінің бұған дейін сот шешімімен 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырғаны анықталды.
    Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және сот шешімдерін орындауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары