«ЖАСЫЛ МЕКЕН – ГҮЛДЕНГЕН АУДАН»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ АШЫЛДЫ

    1 / 9
    🇰🇿 Төлеби ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің келбетін көркейту және көгалдандыру жұмыстарын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
    🌿 «Жасыл мекен – гүлденген аудан» жобасы аясында Қоғалы ауылдық округінде сәндік ағаштар, бұталар мен гүлдер өсіруге арналған тұқымбақтың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Сондай-ақ бастаманың экологиялық маңызына тоқталды.
    ✅ Жиында сөз сөйлеген аудан басшысы тұқымбақтың ашылуы туған жердің табиғатын түлетуге, қоршаған ортаны қорғауға және келер ұрпаққа көрікті мекен қалдыруға бағытталған игілікті іс екенін атап өтті.
    ✅ Жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайтын тұқымбақ аумағына бүгін 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, 2 мыңға жуық тұқым егілді. Бұл аудан аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуге, жергілікті жердің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген ағаш-бұта түрлерін көбейтуге және жасыл аймақтарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
    🌿 Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңыздылығына ерекше тоқталды. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бір реттік науқанмен шектелмей, тұрақты сипат алуы қажеттігін жеткізді.
    ✅ Президент өз сөзінде: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» – бұл бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз», – деп атап көрсетті.
    ✅ Сонымен қатар аудан басшысы халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» деген тағылымды сөзін мысалға келтіріп, табиғатты аялау мен оған жанашырлықпен қараудың әр азаматтың міндеті екенін айтты. Бұл бастама мемлекеттік экологиялық саясатты жергілікті деңгейде нақты істермен жүзеге асырудың айқын көрінісі. Себебі туған жердің тазалығы мен көркеюі баршаға ортақ жауапкершілікке байланысты.
    🌿 «Біздің мақсатымыз – тек ағаш отырғызу ғана емес, оның жерсініп, жайқалып өсуіне жағдай жасау. Сондықтан тұқымбақтың жұмысын жүйелі ұйымдастырып, өсірілген көшеттерді аудан аумағын көгалдандыруға тиімді пайдалану маңызды», – деді Еркеғали Амантайұлы .
    ✅ Бұдан бөлек, аудан әкімі осы істің жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға, ұйымдастырушыларға және қолдау білдірген тұрғындарға ризашылығын білдіріп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
    ✅ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Бүгінгі отырғызылған әрбір көшет – болашаққа жасалған инвестиция, келер ұрпаққа қалдырылған аманат.
    ✅ Жаңа тұқымбақтың ашылуы ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, елді мекендердің эстетикалық келбетін арттыруға және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға оң ықпал етпек.
    ✅ Туған жердің табиғатын түлетіп, жасыл желегін молайтуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары