ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

    1 / 6
    🇰🇿 Төлеби ауданында тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Қолдасбекұлы Төлегенов жеке қабылдау өткізді.
    ✅ Қабылдау барысында азаматтар жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, Ақмешіт демалыс аймағының инфрақұрылымын жақсарту, жер телімдерін рәсімдеу, балабақша құрылысын жүргізу үшін жер бөлу, сондай-ақ тұрғын үйге қатысты өтініштер қаралды.
    ✅ Әрбір өтініш бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріліп, мәселелерді заң аясында зерделеу және шешу жолдарын қарастыру міндеттелді. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, олардың орындалуы бақылауда болады.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары