МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР МЕН НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 10
    🇰🇿 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
    ✅ Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйлердегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар және «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
    ✅ Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша 111 индикаторлық көрсеткіштің орындалу барысы сараланып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер пысықталды.
    ✅ Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
    📌 Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары