Алматыда өрт қауіпсіздігінің онкүндігі басталады!

    Өрт — ескертпей келеді. Бірақ оны алдын алу — әрқайсымыздың қолымызда.

    Онкүндік аясында қаланың барлық ауданында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: тұрғын үй секторында және қала тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандарда.

    Ерекше назар — балаларға, көпбалалы отбасыларға, жалғыз тұратын қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және әлеуметтік осал топтарға аударылады. Олар үшін жеке түсіндіру, үйлерді аралау және қауіпсіздік ережелерін үйрету ұйымдастырылады.

    Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына еске саламыз:
    🔥 Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз
    🔥 Пеш пен газды қауіпсіз пайдаланыңыз
    🔥 Балаларға отпен ойнауға жол бермеңіз
    🔥 Эвакуация жолдарын жаппаңыз
    🔥 Өрт кезінде бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз

    Қауіпсіздік — әр азаматтың жауапкершілігі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары