Алматының Түрксіб ауданында құтқарушылар мұнай өнімдері бар резервуардың шартты тұтануы және көрші ыдыстарға оттың таралу қаупі кезінде іс-қимылдарды пысықтап, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелері өрт орнын барлауды, жағдайды бағалауды және күштер мен құралдарды орналастыруды пысықтады. Ауа-механикалық көбік беруді ұйымдастыруға, көршілес резервуарларды салқындатуға және шартты оттың таралуын болдырмауға ерекше назар аударылды.
Жеке құрам сонымен қатар бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды, сөндіру учаскелерін бөлуді, жедел штабтың жұмысын және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды пысықтады.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру автоцистерналары мен автосатыларды тарта отырып, 11-ӨСБ және 4-ӨСБ бөлімшелері қатысты.
Мұндай жаттығулар өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, техниканың дайындығын тексеруге және өрт қаупі жоғары объектілердегі өрттерді жою кезінде үйлесімді іс-қимылдарды пысықтауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









