Ерекше назар — тозығы жеткен және барак үлгісіндегі үйлердегі өрт қауіпсіздігі!

    1 / 3

    Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерімен тозығы жеткен тұрғын үйлерде және өрт қаупі жоғары барак үлгісіндегі үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

    Атаулы аралау барысында инспекторлар электр сымдарының, пеш және газ жабдықтарының жай-күйіне, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және автономды өрт хабарлағыштары мен көміртегі тотығы датчиктерінің болуына ерекше назар аудара отырып, тұрмыс жағдайларын тексереді.

    Тұрғындармен жеке түсіндіру әңгімелесулері өткізіледі, анықталған бұзушылықтарды жою және өрт қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар беріледі.

    Жалғыз тұратын қарт азаматтар мен әлеуметтік осал отбасыларға басымдық беріледі.

    Жұмыс өрт қаупін уақтылы анықтауға, тұрғындардың қорғалу деңгейін арттыруға және қайғылы салдардың алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары