Алматыда «Өрт қауіпсіздігі онкүндігі жалғасуда» атты профилактикалық іс-шаралардың бірі инклюзия мәселелеріне және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне үйретуге арналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі Меруерт Амандыққызы Құлахметова, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Мирас Оспанұлы Зейнолдин, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ануар Асқарұлы Юсупов, сондай-ақ әлеуметтік мекемелердің өкілдері мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар қатысты.
Іс-шара екі кезеңнен тұрды. Алғашқы теориялық бөлім Төтенше жағдайлар кезінде халықты оқыту және даярлау қалалық орталығында өтті. Қатысушыларға субтитрлері мен дыбыстық сүйемелдеуі бар оқыту бейнеролигі көрсетіліп, сурдоаудармашының көмегімен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар жарықтық хабарландыру құрылғылары, дыбыстық және сөйлеу сигналдары таныстырылды. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған «Брайль» қарпімен жазылған жадынамалар дайындалды. Мамандар өрт дабылы жүйесі мен эвакуациялау жүйелерінің жұмысы туралы ақпаратты жеткізді. Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Практикалық бөлім «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығының базасында жалғасты. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, ғимараттың бірінші қабатында өрт шығып, төртінші қабатта өздігінен шығаа алмайтын адам қалған. Құтқарушылар оны автосатының көмегімен эвакуациялау жұмыстарын пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында ғимараттан әлеуметтік қызмет алушылардың 150-і және орталықтың 50 қызметкері қауіпсіз жерге сәтті көшірілді.
Өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында өткізілетін мұндай іс-шаралар әр адамның физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, қауіпсіздік туралы білімнің баршаға қолжетімді болуына ықпал етеді.
Такие мероприятия в рамках Декады пожарной безопасности помогают сделать знания о безопасности доступными для каждого человека независимо от его физических возможностей.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






