Семей каласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов «УК ЮНИС» ЖШС директоры Юрий Яковлевич Келенцевті 80 жаска толған мерейтойымен құттықтады

    Семей каласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов «УК ЮНИС» ЖШС директоры Юрий Яковлевич Келенцевті 80 жаска толған мерейтойымен құттықтап, отандык жеңіл өнеркәсіптің дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін Семей каласы мәслихаты атынан Құрмет грамотасын табыстады.

    Юрий Яковлевич жарты ғасырдан астам уакытын жеңіл өнеркәсіп саласына арнап, еңбек жолын жұмысшыдан бастап, кәсіпорын басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті. Оның көпжылдық қызметі отандық өндірісті дамытуга және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуга бағытталған.

    Юрий Яковлевичтің кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы зор құрметке лайық. Оның еңбек жолы жас мамандар үшін өнегелі үлгі.

    Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары