СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ABAI OPEN CUP 2026 КАРАТЭ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

    1 / 3

    2026 жылғы 1 қарашада Семей қаласында спортшыларды, жаттықтырушыларды және каратэ жанкүйерлерін біріктірген ABAI OPEN CUP 2026 чемпионаты өтті.

    Жарыстың ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және спорт қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ каратэ спортын дамытуға үлес қосып жүрген ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Салтанатты рәсім барысында Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов жарысқа қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар іс-шарада өзге де құрметті қонақтар сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

    Өз сөзінде Азат Құсайынов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған спортты қолдау мен бұқаралық спортты дамыту бағыттарының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жаңа Конституцияда айқындалған адами капиталды дамытудағы жастардың рөлін атап өтті. Бұдан бөлек, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауымен өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту және спорт нысандарын салу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    Іс-шара аясында Азат Құсайынов спорт саласының дамуына және қаланың қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары