Абыройлы еңбек жолына құрмет

    1 / 3

    2026 жылғы 13 қарашада Семей қаласы мәслихатының экс-депутаты, «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директорының құрметті еңбек демалысына шығуына орай салтанатты іс-шара өтті.

    2025 жылы Семей қаласы мәслихатының төрағасы қызметін атқарып, өкілді органның жұмысына белсене қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқанын атап өткен жөн.

    Салтанатты іс-шараға мәслихаттың экс-депутаттары, мәслихат аппаратының басшысы, қала әкімдігінің өкілдері мен әріптестері қатысты.

    Іс-шара барысында мерейтой иесіне көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, қоғамдық қызметтегі белсенділігі, сондай-ақ қаланың және әлеуметтік саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтылып, жылы лебіздер білдірілді.

    Жиынға қатысушылар бірлескен еңбек жолындағы атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, отбасына амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

    Құрметті еңбек демалысы өмірдің жаңа кезеңінің жарқын бастауы болып, қуанышқа, жақындарының жылуына және жағымды сәттерге толы болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары