Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 13 ХАТТАМАСЫ

    Семей қаласы мәслихатының аппараты

    № 13ХАТТАМА

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

    Семей қаласы 2026 жылғы 22 маусым

    Абай көшесі, 97 16:30

    Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

    Хатшы: Виликс А.А. – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

    ҚАТЫСҚАНДАР:

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері.

    КҮН ТӘРТІБІ

    1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасын қарау.

    ТЫҢДАЛДЫ:

    «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

    Баяндамашы шешім жобасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №202 қаулысына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін жаңартылған заңнамаға сәйкес Семей қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне толықтыру енгізу.

    Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге және мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны айтылды.

    СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

    Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған шешім жобасын талқылады.

    Талқылау барысында:

    • жоба жергілікті атқарушы және өкілді органдардың құзыреті шегінде әзірленгені;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетіні;
    • жобаны іске асыру қосымша бюджет қаражатын талап етпейтіні;
    • жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қосымша қаржылық ауыртпалық туғызбайтыны;
    • енгізілетін толықтырулар әлеуметтік көмек көрсету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны;
    • жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны атап өтілді.

    Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

    ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы мақұлдансын.

    Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылсын.

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің қорытындысы бекітілсін.

    «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шешім жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау және бекіту үшін Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясына енгізу ұсынылсын.

    Осы хаттама мен Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласы мәслихатына және жобаны әзірлеуші мемлекеттік органға жолдансын.

    Семей қаласы Қоғамдық

    кеңесінің төрағасының орынбасары ______________ К. Тулеуов

    Семей қаласы Қоғамдық

    Кеңесінің хатшысы ______________ А. Виликс

    Жүктеу
    48cfb0ac15a354468219179d978d8048_original.19344.docx
    ПРОТОКОЛ № 13 заседания Общественного совета города Семей
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі 59 сессиясы

    Қалалықмәслихаттың кезектісессиясының күн тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде...

    БасшылықЖарияланды:
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 59/330-VIII "Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы "

    Сайлау комиссияларынан шыққандардыңорнына жаңадан мүшелер сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес және дауыс берудің қорытындысы нег...

    БасшылықЖарияланды:
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 31 шілдедегі 58 сессиясы

    Қалалық мәслихаттың кезектен тыссессиясының күн тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негі...

    БасшылықЖарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы № 15 ХАТТАМАСЫ

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы № 15 ХАТТАМАСЫ Семей қаласы2026 жылғы 30 шілдеМәңгілік Ел көшесі, 4, 102-кабинет 16:00 Төраға: Г.К. Алтынбекова – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.Хатшы: А.А. Виликс – Се...

    БасшылықЖарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 14 ХАТТАМАСЫ

    №14 ХАТТАМА Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы Семей қаласы 2026 жылғы 17 шілде Абай көшесі, 97 16:30 Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Хатшы: Виликс А.А. – Семей қаласы Қоғамд...

    БасшылықЖарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласының Қоғамдық кеңесі отырысының № 12 ХАТТАМАСЫ

    № 12 ХАТТАМАСемей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы Семей қаласы 2026 жылғы 22 мамырАбай көшесі, 97 16:30 Төраға орынбасары : Тулеуов К.М. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары. Хатшы: Виликс А....

    БасшылықЖарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 11 ХАТТАМАСЫ

    № 11 ХАТТАМАСемей қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы Семей қаласы 2026 жылғы 4 наурызАбай көшесі, 97 16:30 Төраға: Алтынбекова Г.К. — Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.Хатшы: Виликс А.А. — Семей қаласының Қоғам...

    БасшылықЖарияланды:
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 19 маусымдағы 57 сессиясы

    Қалалық мәслихаттың кезектісессиясының күн тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде...

    БасшылықЖарияланды: