"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы 28 қазанда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлері үшін «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинардың мақсаты – туберкулездің алдын алу шараларын түсіндіру және ауру туралы хабардарлықты арттыру. Аурудың таралуына жол бермеу, сау адамдардың жұқтыруының алдын алу, сондай-ақ туберкулезді анықтау және емдеу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру көзделді.
    Баяндамашы семинарға қатысушыларға туберкулездің емделетін ауру екенін және онымен күресуде профилактикалық шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Туберкулездің алдын алу бала дүниеге келген сәттен басталады. Перзентханада балаға иммунитет қалыптастыру мақсатында БЦЖ вакцинасы салынады. Кейін БЦЖ ревакцинациясы 7 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында 12 айлық жастан бастап балалар мен жасөспірімдерге жыл сайын туберкулиндік диагностика жүргізіледі.
    Қатысушыларға туберкулездің жұқпалы ауру екені, оның көбінесе өкпені зақымдайтыны және ауа-тамшы жолы арқылы таралатыны түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емі тегін көрсетіліп, мемлекет тарапынан қаржыландырылатыны айтылды.
    Спикер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ақпаратты бекіту мақсатында қатысушыларға жадынамалар мен буклеттер түріндегі ақпараттық-ағартушылық материалдар таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары