Ұлытау облысында ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

    Қызылорда – Павлодар республикалық автожолында ауыр жүк көліктерінің белгіленген салмақ нормаларын сақтауына бақылау жүргізілуде.

    Ұлытау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жүк тасымалдаушыларға қатысты рейдтік іс-шаралар өткізуде.

    Іс-шара барысында жүк көліктерінің құжаттары, техникалық жай-күйі және жүк тасымалдау талаптарының сақталуы тексеріледі. Негізгі назар көлік құралдарының белгіленген салмақ және габариттік нормаларға сәйкестігіне аударылуда.

    Тексеру нәтижесінде рұқсат етілген салмақ нормасынан артық жүк тиеген бір көлік анықталды. Аталған дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Мұндай рейдтік іс-шаралар жолдардың сақталуын қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

    Полиция департаменті жүк тасымалдаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары