«Қауіпсіз үй»: Ұлытау облысында 968 тұрмысы қолайсыз отбасы бақылауға алынды

    Ұлытау облысында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 968 тұрмысы қолайсыз отбасы профилактикалық бақылаумен қамтылды. Оның ішінде 93 отбасында балалар өгей әкесімен немесе анасының бірге тұратын серіктесімен тұратыны ескеріліп, ерекше назарға алынды.

    Тұрғындармен профилактикалық жұмыс аясында 157 кездесу ұйымдастырылды. Кездесулерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

    Профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша 10 325 тексеру жүргізіліп, олардың тарапынан 48 құқық бұзушылық анықталды.

    Сонымен қатар ТОП-10 санатына жататын 206 проблемалық мекенжайдың барлығы тексеріліп, анықталған 15 кемшілік жойылды.

    QR-кодтар мен жергілікті қоғамдастық чаттары арқылы тұрғындардан 256 ұсыныс түсті.

    Жалпы, іс-шара барысында облыс аумағындағы 11 639 тұрғын үй нысаны тексерілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары