Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқа дайындығы тексерілді

    Ұлытау облысының Полиция департаменті жауапты мекемелермен бірлесіп, облыс аумағындағы жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығын тексерді. Негізгі назар қолайсыз ауа райында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға аударылды.

    Тексеру барысында қар тазалайтын арнайы техниканың жай-күйі, жанар-жағармай мен көктайғаққа қарсы себілетін материалдар қоры қаралды. Сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және көктайғаққа қарсы жұмыстардың ұйымдастырылуы зерделенді.

    Бірлескен тексеруге төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы орган, «ҚазАвтоЖол» және «Қазсервис» мекемелерінің өкілдері қатысты.

    Полиция жүргізушілерді көліктерін қысқа дайындауға, жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеруге шақырады. Қар жауып, көктайғақ болған кезде жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары