Ұлытаулық полиция капитаны ІІМ чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

    Ұлытау облысының полиция капитаны Алишер Муканов қоян-қолтық ұрыстан 2026 жылғы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл нәтиже оның ел чемпионатындағы қола жүлдесі мен Әкімшілік полиция кубогындағы жеңісіне қосылған кезекті жетістігі болды.

    Полиция департаментінің ОЖВ 1-санатты аға инспекторы спорттың екі түрін қатар меңгерген. Ол қоян-қолтық ұрыстан да, бокстан да спорт шеберіне үміткер. Бокс рингінде халықаралық турнирдің жүлдесіне қол жеткізіп, республикалық және облыстық жарыстарда чемпион атанған.

    Қоян-қолтық ұрыстағы бәсекелер де Алишерге жақсы таныс. Бұған дейін ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштіктен көрініп, Әкімшілік полиция кубогын жеңіп алған. Енді оның жүлделер қоржыны ІІМ чемпионатының күміс медалімен толықты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары