Ұлытау облысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілер анықталуда. Бақылауға алынған аумақта тұрғындардың көлік жүретін бөлікті рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, жол үстінде кідіріп қалуы жиі байқалады.
Мұндай әрекет көлік қозғалысына кедергі келтіріп, апат қаупін арттырады. Жүргізуші жолға кенет шыққан адамды байқап, дер кезінде тоқтап үлгермеуі мүмкін. Сондықтан жолды қысқартуға тырысу адамның өз өміріне қауіп төндіреді.
Бейнебақылау жолдағы тәртіпті қадағалауға және құқық бұзған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Жаяу жүргінші де жол қозғалысының қатысушысы. Ережені сақтау — оның міндеті, ал талапты бұзу жауапкершілікке әкеледі.
Полиция азаматтарды жолдан белгіленген орындарда өтуге, өтер алдында қауіпсіз екеніне көз жеткізуге және көлік жүретін бөлікте кідірмеуге шақырады. Камера бар жерде ғана емес, әрдайым ережені сақтау қажет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









