Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    1 / 2

    Қарағанды облысында Балқаш-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғимараттың іші-сырты жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары, инженерлік желілері мен перроны заман талабына сай жабдықталды.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Екі қабатты вокзал ғимаратының жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, қайта жаңғырту кезінде ғимараттың ішкі бөлігіне жөндеу жүргізіліп, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және электрмен қамту жүйелері толығымен ауыстырылған.

    Перронға жаңа кеспе тас төселіп, заманауи жарықтандыру және желдету жүйелері орнатылған.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Сондай-ақ жолаушыларды жауын-шашыннан қорғайтын қалқа қойылып, жаңа темірбетон конструкциялар мен витраждар орнатылды. Бұған қоса, қауіпсіздік талаптарына сай қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталды.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Жаңғырту барысында вокзалды барлық жолаушыға қолайлы ету мәселесі де назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, қозғалысы шектеулі азаматтардың емін-еркін қатынауына және кішкентай балаларымен сапарлайтын жолаушылардың вокзал қызметін кедергісіз пайдалануына жағдай жасалған.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Балқаш-2 станциясы арқылы күн сайын шамамен 800 жолаушы қатынайды. Мұнда Астана, Қарағанды, Семей және Аягөз қалаларын байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы өтеді.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Вокзалды жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді. Жобаны қаржыландыруды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қамтамасыз етті. Жұмыстар Үкіметтің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Жалпы, Қарағанды облысында осы бағдарлама аясында 14 теміржол вокзалын жаңғырту көзделген.

    Балқаш-2 вокзалы жарты ғасырға жуық уақыттан кейін жаңарды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары