Мүгедектігі бойынша III топтағы адамдар күнтізбелік жыл ішінде 882 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға құқылы.
Алайда, егер сіз жыл ішінде жалдамалы қызметкер болып жұмыс істеп, кейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелсеңіз, не істеу керек? Жұмыс беруші қолданбаған әлеуметтік салықтық шегерімнің пайдаланылмаған бөлігін есепке алуға бола ма?
Иә, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде мұндай құқық көзделген.
Салық кодексінің 404, 409 және 411-баптарына сәйкес, салық агенті қолданбаған салықтық шегерім сомасын жеке тұлға кәсіпкерлік қызметтен түсетін салық салынатын табысты есептеу кезінде өз бетінше ескеруге құқылы.
Ол үшін не істеу қажет?
Пайдаланылмаған әлеуметтік салықтық шегерім сомасын қолдану үшін:
1. Бұрынғы жұмыс берушіден (ЖШС) жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама алу қажет. Анықтамада нақты қолданылған әлеуметтік салықтық шегерім сомасы көрсетілуі тиіс.
2. Мүгедектіктің III тобы белгіленгенін растайтын құжат болуы қажет.
3. Пайдаланылмаған шегерім сомасын жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ЖК-ның салық салынатын табысын айқындау кезінде өз бетінше есепке алу қажет.
Білу маңызды!
▪️ Жұмыс беруші жеке тұлғаның өтініші бойынша есеп айырысу туралы анықтаманы өтініш берілген күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде беруге міндетті.
▪️ Әлеуметтік салықтық шегерімнің жалпы мөлшері күнтізбелік жыл ішінде 882 АЕК-тен аспауға тиіс.
▪️ Пайдаланылмаған шегерімді өз бетінше қолдану құқығы жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлерге беріледі.
▪️ Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс бойынша ЖТС есептеу Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады және тиісті мәліметтер кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында көрсетіледі.
Осылайша, әлеуметтік салықтық шегерімнің пайдаланылмаған бөлігі жойылмайды. Белгіленген талаптар сақталған жағдайда, оны кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс бойынша ЖТС есептеу кезінде өз бетінше қолдануға болады.
📌 Маңызды ақпаратты жоғалтып алмау үшін жарияланымды сақтап қойыңыз!
#законипорядок
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









