ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ НЕГІЗІНДЕГІ СНР: НЕГІЗГІ ШАРТТАР

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимінің жаңартылған тәртібі қолданылады.

    Бұл режимді кімдер қолдана алады?

    - Жеке кәсіпкерлер;
    - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Салық кодексінің талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар.

    Негізгі шарттар:

    ▪️ Жылдық табыстың шекті мөлшері – 600 000 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 жылы 2 595 000 000 теңге).

    ▪️ Жалдамалы жұмыскерлер санына шектеу қойылмайды.

    ▪️ Салық мөлшерлемесі – салық салу объектісінің 4%-ы. Мәслихаттар мөлшерлемені ±50% шегінде өзгертуге құқылы.

    ▪️ Салық салу объектісі – Салық кодексінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, шығыстар шегерілмеген табыс.

    ▪️ Салық кезеңі – жартыжылдық.

    Салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері:

    - Оңайлатылған декларацияны ұсыну – жартыжылдық аяқталғаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей.
    - Салықты төлеу – жартыжылдық аяқталғаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей.

    Маңызды!

    Бұл арнайы салық режимін барлық салық төлеушілер қолдана алмайды. Салық кодексінде белгіленген құрылтайшылар мен қатысушылар құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ қызмет түрлеріне қатысты шектеулерді ескеру қажет.

    Осы арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салық төлеушілері болып табылмайды, бұған Салық кодексінде көзделген ҚҚС бойынша жағдайлар кірмейді.

    Құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 78-тарауы (722–727-баптар).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары