Өскемендік оқушы халықаралық байқауда Гран-при және үш жүлдеге ие болды

    1 / 3

    Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Батырқан Сафия «Miss&Mrs Top Eurasia-2026» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін иеленді. Алматы қаласында өткен халықаралық байқаудың финалына түрлі елдерден келген талантты қатысушылар жиналды. Байқау барысында Сафия ұлттық дәстүрлеріміздің әсемдігін танытып, өзінің шығармашылық қабілетін, сахналық шеберлігі мен даралығын жоғары деңгейде көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сафия Батырқан төрт марапатқа ие олды: «Young Miss Top Eurasia-2026» Гран-приі;«Instagram People’s Choice Award-2026» – көрермен көзайымы жүлдесі;«National Costume» – үздік ұлттық киім;«Best Event Dress» – үздік кешкі сән үлгісі.Сафияның Сафияның тағы бір айтулы жетістігі – 2027 жылдың қазан айында Түркияда өтетін «King & Queen World-2027» 27-халықаралық финалына қатысуға ресми шақыру-сертификатын алуы.Жас жеңімпазды құттықтап, алдағы байқауларда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары