Шемонаиха ауданында учаскелік полиция пункті ашылды

    «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пункті ашылды.

    Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков, Шемонаиха ауданының әкімі Ержан Шурманов, аудандық ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері мен ауылдық округ тұрғындары қатысты.

    Жаңа пункттің ашылуы тұрғындарға құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

    Учаскелік полиция пункті әлеуметтік әріптестік аясында «Белокаменское» ЖШС қолдауымен ашылды.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полицияның жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлермен өзара байланысы ерекше маңызды. Заң мен тәртіп - ортақ жауапкершілік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары