Ақпараттық қауіпсіздік күзетінде

    Ақмола облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

    Кездесу барысында мамандар қатысушыларға діни экстремизмнің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері, азаматтарды дәстүрлі емес діни ағымдарға тарту тәсілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы қолданылатын үгіт-насихат және вербовка әдістері туралы түсіндірді.

    Әсіресе радикалды көзқарастарды таратуға бағытталған тұлғалардың ықпал ету белгілерін тану, сондай-ақ интернетте жарияланатын ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар экстремистік және террористік әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары, заңға қайшы материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ күмәнді фактілер туралы құзыретті органдарға дер кезінде хабарлаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Өткізілген іс-шара қызметкерлердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыруға және жат идеологияның таралуына қарсы тұру жолдарын түсіндіруге мүмкіндік берді.

    Ақмола облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары