Медициналық мекемелерде дәрігерлер, медицина қызметкерлері, науқастар мен олардың туыстары секілді әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің шоғырланады. Аурухана – халықпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық орындардың бірі.
Осы тұста, Түркістан облысы Сарыағаш және Келес аудандық орталық ауруханаларының қызметкерлеріне арналған терроризм қаупі туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм және террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық ҰҚК қызметкерлері мен аудандық ТҚК мүшелері арнайы қатыстырылды және террористік қауіптердің түрлері мен оларға қарсы әрекет ету алгоритм реттіліктері түсіндірілді.
Аталған бағытта ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен арнайы дайындалған түсіндірме профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлер арасында таратылды.
Сонымен бірге, кездесу барысында қызметкерлерге терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау, террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды ұйымдастыру тәртібі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы №83 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықтың негізгі талаптары жеткізілді.
Сонымен қатар, жарылғыш құрылғылар, қарулы шабуыл жасалғаннемесе кепілге алу жағдайлары оран алған кезде қабылданатын шұғыл іс-қимылдар бойынша нақты мысалдар келтірілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









