Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

    2026 жылғы12қарашадаТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алуға арналған дәріс өтті. Кездесу студенттердің діни сауатын арттыруға, радикалды ағымдардың ықпалынан сақтандыруға және қоғамдағы өзара сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

    Дәрісті Алматы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, философ Айжан Кудерина өткізді.

    Маман студенттерге радикалды діни ағымдардың негізгі белгілерін түсіндірді. Экстремистік идеялардың таралу тәсілдеріне тоқталып, олардың адамға және қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтты.

    Кездесуде жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға назар аударылды. Студенттердің ақпаратты саралап қабылдауы, оның мазмұнын талдай білуі діни сауаттылықпен сабақтастырыла қарастырылды.

    Дәрістің тағы бір бағыты ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысына арналды. Қоғамдағы сыйластықты сақтау, әртүрлі көзқарас пен сенім өкілдеріне құрметпен қарау мәселелері қозғалды.

    Айжан Кудерина құқықтық сауаттылықтың, білім мен тәрбиенің қоғамдық мәдениетті көтерудегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ діни тұрақтылықты сақтауда осы бағыттардың өзара байланысы түсіндірілді.

    Профилактикалық дәріс барысында студенттерге радикалды идеялардың қаупі туралы мағлұмат беріліп, деструктивті діни ағымдардың ықпалын болдырмау мәселелері кеңінен қарастырылды.

    Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары