Мен жастарға сенемін

    Жастардың дінтанулық және құқықтық сауаттылығын арттыру, орнықты дүниетанымын қалыптастыру және студенттердің радикалды діни ағымдарға тартылуының алдын алу мақсатында «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ жатақханаларында тұратын студенттер арасында Ақмола облысының Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің теологтары мен дінтанушылары бірқатар атаулы алдын алу іс-шараларын өткізді.

    Іс-шаралар аясында «Діни экстремизм мен терроризм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер», «Деструктивті діни ағымдардың сипаттары», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Интернеттегі сақтық», «Жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Жастарды деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері», «Интернет арқылы деструктивті діни ағымдарға тартудың қауіптілігі» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, жастарды радикалды топтарға тартудың ықтимал тәсілдері, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалды идеялардың таралуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлер туралы ақпарат берілді.

    Әсіресе сыни ойлау дағдыларын дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, манипуляциялық үндеулерді ажырата білу және әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын ақпараттың шынайылығын тексеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, діни қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша мамандардан жан-жақты түсініктемелер алды.

    Өткізілген іс-шаралар жастардың түрлі діни конфессия өкілдеріне толерантты көзқарасын қалыптастыруға, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге, сондай-ақ өздерінің ақпараттық және рухани қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

    Ақмола облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары