Қазақстан өкілі ХЭО Радиорегламент комитетіне қайта сайланды

    Доха, 2026 жылғы 16 қараша – Дохада (Қатар) өткен Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Өкілетті конференциясы аясында Қазақстан өкілі Ризат Нұршабеков 2027–2030 жылдар кезеңіне C өңірінен (Шығыс Еуропа және Солтүстік Азия) Радиорегламент комитетінің мүшесі болып қайта сайланды.

    Радиорегламент комитеті 12 тәуелсіз сарапшыдан тұрады және Радиобайланыс регламентін қолдану мен зиянды кедергілерге қатысты мәселелерді қарау бойынша маңызды функцияларды атқарады.

    Қайта сайлану халықаралық қоғамдастықтың қазақстандық сарапшыларға деген сенімін және Қазақстанның радиобайланыс пен радиожиілік спектрін басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесін мойындайтынын көрсетеді. Р. Нұршабеков бұған дейін Комитет құрамына 2022 жылы Бухарестте өткен ХЭО Өкілетті конференциясында сайланған болатын.

    Қазақстандық сарапшының Комитеттегі жұмысын жалғастыруы елімізге радиожиілік спектрі мен орбиталық ресурстарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге одан әрі үлес қосуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан ХЭО-ға мүше мемлекеттерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі" жаңалықтары