Қазақстан ДЗМҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі алғашқы жаһандық форумына төрағалық етуде: қазақ тілі алғаш рет ЖИ негізіндегі аударма жүйесіне енгізілді

    1 / 4

    Женева, 2026 жылғы 9 қараша -Қазақстан халықаралық технологиялық кеңістіктегі орнын нығайтып келеді. Қазақ тілі алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі - Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) жасанды интеллект негізіндегі автоматтандырылған аударма жүйесіне енгізілді.

    Бұл тарихи жетістікке Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігінің бастамасы және ДЗМҰ Хатшылығымен қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде қол жеткізілді.

    Аталған айтулы оқиға 9-10 қарашада ДЗМҰ штаб-пәтерінде өтіп жатқан Зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі алғашқы жаһандық форум (Global Forum on IP and AI) аясында жүзеге асты. Форумға Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев төрағалық етуде.

    Форумды ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг ашты. Жоғары деңгейдегі талқылауларға министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші халықаралық сарапшылар және технологиялық компаниялардың өкілдері қатысуда.

    ДЗМҰ іс-шараларының тарихында алғаш рет қазақ тіліWIPO Speech-to-Textжасанды интеллект негізіндегі эксперименттік субтитрлеу жүйесінде қолжетімді 20 тілдің қатарына енді. Енді қазақстандық ғалымдар, өнертапқыштар, мамандар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жаһандық талқылауларды нақты уақыт режимінде қазақ тілінде қадағалай алады.

    Форум қатысушылары жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншіктің болашағына қатысты өзекті мәселелерді, атап айтқанда, авторлық және патенттік құқықтарды қорғауды, ғылым мен инновацияда жаңа технологияларды қолдануды, сондай-ақ адамның даусын, бейнесін және цифрлық сәйкестігін қорғау мәселелерін талқылауда.

    Бұл оқиғаның маңыздылығы Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануымен де ерекше мәнге ие. Қазақ тілінің ДЗМҰ-ның цифрлық сервистеріне енгізілуі мемлекеттік тілді халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып табылады.

    Қазақ тілі жаһандық цифрлық кеңістікте жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстан жасанды интеллект саласындағы халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысып қана қоймай, еліміздің және мемлекеттік тіліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі мәртебесін нығайтатын нақты нәтижелерге қол жеткізуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі" жаңалықтары