2026 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда салық берешегі бар заңды тұлғаларға қатысты қосымша шектеулер қолданылады.
Егер берешек мөлшері 45 АЕК және одан жоғары (194 625 теңге) болса және ол туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмесе, компанияның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу туралы электрондық хабарламасы орындалмай қайтарылуы мүмкін.
Қандай өзгерістерге шектеу қойылуы мүмкін?
- басшыны ауыстыру;
- заңды мекенжайды өзгерту;
- экономикалық қызмет түрлерін өзгерту;
- бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді өзгерту;
- байланыс және өзге де тіркеу деректерін өзгерту.
Қандай берешек есепке алынады?
Аталған негізді айқындау кезінде салық берешегі, кедендік төлемдер мен баждар бойынша берешек, сондай-ақ өсімпұлдар мен пайыздар есепке алынады.
Осылайша, салық берешегінің болуы салық заңнамасында көзделген өндіріп алу шараларына ғана емес, сонымен қатар компанияның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде қосымша шектеулерге де әкеп соғуы мүмкін.
Салық берешегін өтеуді кейінге қалдырмаңыз. Салықтарды уақтылы төлеу компания қызметіне қатысты қосымша шектеулердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Негіздеме: Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2-бабының оныншы бөлігі.
#законипорядок
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









