Кедендік рәсімдер: қолдану ерекшеліктері

    Кедендік процедура Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде тауарларды пайдалану шарттары мен тәртібін айқындайды.
    Кедендік реттеу тек тауарлар мен көлік құралдарының ауысуына қатысты. Бұл ретте кедендік терминологиядағы тауар — кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, бағалы қағаздар, энергия, жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де жылжымалы заттар. Тауарлар ЕАЭО тауарлары және шетелдік тауарлар болып бөлінеді.
    Кедендік реттеу мақсаттары үшін ЕАЭО кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде тауарларды пайдалану шарттары мен тәртібін айқындайтын нормалар жиынтығы — бұл кедендік процедура.
    Кеден заңнамасында кедендік процедуралардың 17 түрі қарастырылған. Процедураны таңдауды декларант тауарларды ауыстыру мақсаттарына және оларды әрі қарай пайдалануға байланысты жүзеге асырады.
    Ең көп таралғандары:

    ▪ Ішкі тұтыну үшін шығару — ЕАЭО аумағында пайдалану үшін шетелдік тауарларды әкелу.

    ▪ Экспорт — тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерге шығару.

    ▪ Кедендік транзит — тауарларды кедендік бақылаумен бір кеден органынан екіншісіне тасымалдау.

    ▪ Реимпорт — бұрын шығарылған тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына қайта әкелу.

    ▪ Реэкспорт — шетелдік тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан шығару.

    ▪ Уақытша әкелу және уақытша шығару — тауарларды белгіленген мерзім ішінде пайдалану және кейіннен қайта ауыстыру.
    Кедендік процедураны таңдау тауардың ауысу бағытына ғана емес, сонымен қатар сыртқы сауда мәмілесінің шарттарына, тауардың мәртебесіне және оны әрі қарай пайдалану мақсаттарына байланысты.
    Таңдалған процедураға байланысты заңнама кедендік декларациялауға, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеуге, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулерді сақтауға тиісті талаптарды белгілейді.
    Осылайша, кедендік процедураны дұрыс анықтау ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңды түрде ауыстырудың және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады.

    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары