Қызылордада «Бірлік пен келісім» атты қайырымдылық спартакиадасы өтті. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қайырымдылықты дәріптеу және спорт арқылы қоғам бірлігін сақтау.
Қатысушылар спорттық сайыстарда бақ сынап, белсенділік пен ұйымшылдық танытты, жеңіске деген құлшынысы мен командалық рухын көрсетті.
Спартакиада спорттың қоғамдық келісімді нығайтудың, ынтымақтастықты дамытудың және сыйластыққа негізделген орта қалыптастырудың тиімді құралы екенін көрсетті.
Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Жомарт жан» орталығы ұйымдастырды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









