Бүгін, 2026 жылғы 10 қарашада Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және талқылау мақсатында білім беру саласының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы қатысты.
Кездесу Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Ұлы дала» шағынауданындағы №67 орта мектептің акт залында өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар, білім беру саласын дамыту, адами капиталды нығайту, әлеуметтік қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, білім беру саласы өкілдерін толғандыратын өзекті мәселелер қозғалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









