«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Тараз қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді.
Жиынға департамент атынан департамент басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы қатысты.
Кездесу барысында қала әкімі Бақытжан Орынбеков Мемлекет басшысының Жолдауы аясында жүктелген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Атап айтқанда, «Инфрақұрылымдық серпіліс – «Халықтық құрылыс»» бағыты бойынша қалада тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылым және инженерлік желілер құрылысы қарқынды жүргізілуде. Соңғы төрт жылда бюджет қаражаты есебінен 58 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 62 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған.
Сонымен қатар соңғы жылдары қала көшелерін жөндеу, асфальттау, қиыршық тас төсеу және жарықтандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде соңғы төрт жылда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 56,2 пайыздан 80 пайызға дейін өсті.
Бұдан бөлек, «Энергетикалық теңгерімді жаңарту» бағыты аясында саяжай алқаптарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету, жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар салу, көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









