Қызылорда облысында инвестордың құқығын бұзған әкім жауапқа тартылды

    Шиелі ауданының прокуратурасы инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқығын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактін анықтады.

    Атап айтқанда, «VIGOR Holding» ЖШС-ға жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған.

    Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.

    Прокуратураның араласуы нәтижесінде инвесторға жария сервитут белгілеу туралы тиісті қаулының қабылдануына ықпал ету арқылы көмек көрсетілді.

    Сонымен қатар, кент әкімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары