Қызылорда облысында жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды

    1 / 3

    Қызылорда облысы Сырдария ауданында құны 40 млрд теңге жүгері терең өңдеу зауытын салу бойынша «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС инвестициялық жобасының 1-кезеңі (кептіру кешені) іске қосылды.

    Нысанды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

    Қызылорда облысында жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды

    Бұл жоба - ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және жүгері дақылдарының көлемін арттыруға бағытталған бірегей бастама.

    Инвесторлардың құқығын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

    Қызылорда облысында жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды

    Инвестициялық жобаларды іске асыруға және өңірлік бизнестің дамуына әсер етуі мүмкін мәселелерді жедел шешуге ерекше назар аударылады.

    Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары