Сырттай проактивті куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану

    Сырттай проактивті куәландыруға (қайта куәландыруға) шағымдану ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, тұрақты тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшеге шағымдана алады.

    Шағым түскен кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары сараптамалық шешімдер парағында актінің нөмірі бойынша шағым жасалғанын белгілеп, тиісті деректерді енгізеді.

    Енгізілген мәліметтер негізінде Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес сырттай проактивті куәландырудың (қайта куәландырудың) сараптамалық қорытындыларына шағым жасау журналы қалыптастырылады.

    Комитет маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде МӘС актісін автоматтандырылған режимде айқындалатын эксаумақтық МӘС ӘББ-нің қарауына жібереді.

    Эксаумақтық МӘС ӘББ МӘС актісінің иесіздендірілген деректері негізінде акт келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарып, оны МӘС актісінің қосымшасына енгізеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары