Профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу мәселесі бойынша

    2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 5 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан 28 профилактикалық бақылау жүргізілді.

    Жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде 50-ден астам заң бұзушылық анықталды. Бақылау субъектілеріне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

    2026 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша 35-тен астам заң бұзушылық белгіленген талаптарға, қағидаларға және құрылыс нормалары мен қағидаларына (ҚНжҚ) сәйкестендірілді.

    Қалған заң бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды орындау мерзімдері әлі аяқталған жоқ.

    Департамент анықталған барлық заң бұзушылықтар толық жойылғанға дейін берілген нұсқамалардың орындалуына бақылау жүргізуді жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары