Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы шеңберінде оңалту іс-шараларының орындалуы және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
1. Протездік-ортопедиялық көмек – 32 985 өтініш түсті, оның 29 604-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,8%.
2. Сурдологиялық көмек – 619 өтініш түсті, оның 552-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,2%.
3. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету – 1 050 өтініш түсті, оның 916-сы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,2%.
4. Кресло-арбалармен қамтамасыз ету – 1 077 өтініш түсті, оның 1 034-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,1%.
5. Санаторий-курорттық емдеу – 7 547 өтініш түсті, оның 6 169-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 81,8%.
6. Жеке көмекшінің қызметтері – 294 өтініш түсті, оның 280-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 95%.
7. Ымдау тілі маманының қызметтері – 572 өтініш түсті, оның 557-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 97,4%.
8. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 15 746 өтініш түсті, оның 15 428-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 98%.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









