Проактивті куәләндірудің шешімін арыздану туралы

    Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға немесе лауазымды адамға шағым беруге құқылы.

    Шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және шағым келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:

    Шағым аумақтық бөлімшенің басшысының немесе Комитет басшысының атына беріледі.

    Комитеттің аумақтық бөлімшесіне келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызмет сапасыз немесе уақтылы көрсетілмеген жағдайда, куәландырылатын адам және (немесе) оның заңды өкілі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары