Астанада халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы медиацияның маңызына арналған дөңгелек үстел өтті

    1 / 4

    Астанадағы Парламентаризм институтында «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы медиацияның рөлі: ядролық қарусыздану жолында» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Құрылтай депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, Қазақстан, Қытай, Үндістан және Қырғызстан медиаторлары, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

    Талқылауда медиацияның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі мен превентивті дипломатия тетіктеріне баса назар аударылды.

    Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова кейінгі 15 жылда Қазақстанда медиация институтын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Бүгінде елімізде 2 мыңнан астам кәсіби медиаторды біріктіретін 34 ұйым тіркелген. Олармен қатар 1900-ден астам қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Олардың 300-ге жуығы – этномедиаторлар.

    Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан 2026 жылғы шілдеде Халықаралық медиация ұйымын құру туралы конвенцияға қосылды. Қазір осы құжатты ратификациялау туралы заңды қабылдау жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.

    Халықаралық келіспеушіліктерді, соның ішінде ядролық қарусыздануға қатысты дауларды реттеудегі медиатордың рөлі де арнайы талқыланды. Қатысушылар медиацияның превентивті дипломатияның маңызды құралы бола алатынын атап өтті. Ол шиеленісті бәсеңдетуге, қақтығыстардың алдын алуға және халықаралық диалогты тұрақты жолға қоюға ықпал етеді.

    Кездесу қорытындысында халықаралық медиацияны дамыту және сарапшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары