Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

    1 / 4

    Ақтау қаласындағы №2 арнайы мектепте «Жомарт жан» орталығының ұйымдастыруымен «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті.

    «Alaqan» креативті орталығы өткізген шығармашылық сабақтарда мектеп оқушылары өз қабілетін танытып, қиялына ерік берді. «Оқитын ұлт» жобасы аясында оқушыларға танымдық кітаптар сыйға тартылды.

    Акцияның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кітап оқуды насихаттау.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары