Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу және «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру үшін тауарлар тізбесі жаңартылды.
Өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен енгізілді.
Жаңартылған тізбеге келесі тауар санаттары енгізілді:
▪️ Биоотын.
▪️ Этил спирті және алкоголь өнімі.
▪️ Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.
▪️ Газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспалары және экологиялық отын.
▪️ Сұйытылған мұнай газы.
▪️ Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары және прекурсорлар.
▪️ Қадағалануға жататын тауарлар.
▪️ Минималды баға деңгейі қолданылатын тауарлар.
▪️ Ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлері.
📅 Өзгерістерді енгізу мерзімдері:
🔹 2026 жылғы 1 қарашадан бастап — бұйрықтың негізгі ережелері.
🔹 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап — минималды баға деңгейі бар тауарларға және ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлеріне қатысты ережелер.
❗ Тауарлардың тізбеге жататынын анықтау кезінде белгіленген СЭҚ ТН кодтарын және тиісті нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
#законипорядок
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









