Мобильді аударымдар: 2026 жылғы қарашадан бастап не өзгереді?

    1 / 2

    Мобильді аударымдар: 2026 жылғы қарашадан бастап не өзгереді?

    Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылау өлшемшарттарының бірі өзгереді. Бұған дейін 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері қолданылса, енді 360 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі шекті сома қолданылады.

    2026 жылы бұл қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 1 557 000 теңгені құрайды.

    Сонымен қатар, қалған талаптар өзгеріссіз қалады:
    ▪️ үш айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түсуі;
    ▪️ ақшаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банктік шотқа аударылуы.

    Туыстар мен достар арасында жеке мақсатта жасалатын қарапайым аударымдар тек ақша түсу фактісі бойынша кәсіпкерлік табыс болып саналмайды.

    Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 718 бұйрығы. Аталған бұйрықпен 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа өзгерістер енгізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары