Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабына сәйкес жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану көзделген.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер күнтізбелік жыл үшін мынадай мөлшерде беріледі:
— АЕК-тің 5 000 еселенген мөлшері — бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
— АЕК-тің 882 еселенген мөлшері — үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ардагерлерге және тиісті шегерімді қолдануға құқығы бар басқа да тұлғаларға;
— АЕК-тің 882 еселенген мөлшері — өздері қамқорлығындағы балалар мен адамдарға қатысты шегерімді қолдануға құқығы бар ата-аналарға, қорғаншыларға, қамқоршыларға, бала асырап алушыларға және патронаттық тәрбиешілерге.
Әлеуметтік салықтық шегерімдердің мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш негізінде айқындалады.
Бұл ретте әлеуметтік салықтық шегерімдер оларды қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылы қолданылады.
Салық агенттері төмендегі ерекшеліктерді ескеруі қажет:
— әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану құқығы жеке тұлғаның санатына және тиісті негіздің болуына қарай айқындалады;
— шегерім мөлшері заңнамада белгіленген алушының санатына байланысты болады;
— әлеуметтік салықтық шегерімдер Салық кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда күнтізбелік жыл үшін қолданылады;
— балаларға және қамқорлығындағы адамдарға қатысты шегерімдерді қолдану кезінде 404-бапта белгіленген шектеулер мен ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









