ИМПОРТТАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ КІРІСКЕ АЛУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ВАЛЮТА БАҒАМЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясынан әкелінген тауарларды бастапқы тану кезінде шетел валютасының бағамын айқындау тәртібін түсіндіреді.

    21-ХҚЕС «Валюта бағамдарының өзгеруінің әсері» стандартына сәйкес шетел валютасымен көрсетілген операция бастапқы тану кезінде операция жасалған күнгі айырбастау бағамы бойынша функционалдық валютаға қайта есептеледі.

    Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады.

    Операция күні қалай анықталады?

    Операция жасалған күн жеткізілімнің нақты мән-жайлары мен тиісті активтің бухгалтерлік есепте тану өлшемшарттарына алғаш рет сәйкес келген сәтіне қарай айқындалады.

    Бұл ретте 78-үлгідегі тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан нақты өту күні өздігінен 21-ХҚЕС талаптарын қолдану мақсатында операция жасалған күн болып табылмайды.

    Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) қатысудың валюта бағамын анықтау тәртібіне әсері бар ма?

    Арнайы экономикалық аймаққа қатысу импортталған тауарларды бастапқы танудың және 21-ХҚЕС-ке сәйкес валюта бағамын айқындаудың жалпы тәртібін өзгертпейді.

    Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына арналған салықтық преференциялар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда қолданылады.

    Қорытынды: импортталған тауарларды кіріске алу кезінде қаржылық есептіліктің қолданылатын стандарттарын басшылыққа алып, активті тану өлшемшарттарын ескере отырып, операция жасалған күнгі айырбастау бағамын қолдану қажет.

    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары